Тәуелсіздік күніне арналған конференция өтті

Фотография - Тәуелсіздік күніне арналған конференция өтті

«Болашаққа ұмтылған, қалыптасқан Қазақстан». Осындай тақырыпта Алматыдағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

305 0

«Болашаққа ұмтылған, қалыптасқан Қазақстан». Осындай тақырыпта Алматыдағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - деп хабарлады  24.kz

Тәуелсіздік күніне арналған жиында «Қазақстан-2050» стратегиясы талқыланды. Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің халықаралық беделін арттыруды көздейтін «Қазақстан-2050» стратегиясын талқылауға түрлі саланы зерттеп жүрген білікті сарапшылар қатысты. Мамандар ішкі және сыртқы саясаттағы мәселелерді, әлеуметтік-экономикалық модернизациялауды, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы жаңа амалдарды талқылады.

Серік Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор:

- Біз қазір әлемде дамыған 50 елдің қатарына ендік. «Қазақстан-2050» стратегиясында болашақта 30 өркениетті елдің қатарына ену жоспарланған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты әрбір адамның бойындағы әлеуетін ашу, ел экономикасын дамыған экономикалық жүйеге айналдыру болып табылады.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның алға қойған мақсаттары халықтың сеніміне, тәуелсіздікке, елдің ынтымағына негізделген. Көздеген межеге жету үшін мемлекеттің берік іргетасы қалыптасқан. Стратегиядағы міндеттерді жүзеге асырудың тағы бір жолы – адам капиталының дамуы.

Серік Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор:

- «Қазақстан-2050» стратегиясының қойған мақсаты – жаһандану заманында әлем елдері арасында еліміздің орнын анықтау, болашағын айқындау. Сондықтан экономикада болжау принципі жоғары қойылады. Стратегияда жауапкершілік мәселесі көтерілген.

Алға қойған міндеттерді орындау үшін уақыттың сын-қатеріне дер кезінде жауап беріп, туындаған мәселелерді дәйекті және жүйелі түрде шешу керек. Жиынға қатысушылар жалпы мемлекеттілікті одан әрі дамытып, нығайтуға барлығымыздың міндеті екендігімізді баса айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!