Аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды

Фотография - Аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды

Астанадағы мемлекеттік басқару академиясында аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды

378 0

Астанадағы мемлекеттік басқару академиясында аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды - деп хабарлады 24.kz

Мұнда мемлекеттік қызметкерлер үшін монографиялық мақалалар мен оқулықтар шет тілдерінен қазақшаға аударылатын болады. Сондай-ақ, олар бұл жерде мемлекеттік басқару мен қызмет саласындағы алдыңғы қатарлы шетелдік зерттеулер, талдаулар және тәжірибелік әдістемелермен таныса алады. Қазірге дейін мұндай еңбектер түпнұсқадан орыс тіліне, содан кейін ғана мемлекеттік тілге аударылатын. Енді тікелей қазақ тіліне тәржімалап, дәл осы орталықта баспаға шығаруға мүмкіндік туып отыр. Орталықты «Түрік халықаралық ынтымақтастық және даму» агенттігі заманауи типографиялық қондырғылармен жабдықтады. Салтанатты ашылу рәсімінде болған меймандар қазақ-түрік ынтымақтастығын одан әрі дамытуға атсалыса беретіндерін жеткізді.

Мехмет Сюрея Эр, Түрік халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінің вице-президенті:

- Орталықтың ашылғанына қуаныштымын. Қазақстан мен Түркия елдері арасында жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар мәдениет, білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайтады деп сенеміз. Орталықта шет тілдерінен, оның ішінде түрік тілінен де еңбектер қазақ тіліне тікелей аударылады. Бұл – өте маңызды жұмыс.

Болатбек Әбдірәсілов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

- Бізге ғылым мен білім саласындағы соңғы жаңалықтар Ресей арқылы келетін. Ресейліктер өз тілдеріне жақын қылып, аударады. Осы аудармалар кітап, монография болып, сондай-ақ жорналдар жарық көріп, бізге жететін. Ал енді тікелей жаңалықтарды мемлекеттік тілге аударып, тілді сол арқылы да дамытамыз деп ойлаймыз. Осы жобаны сол мақсатта біз жүзеге асыра бастадық.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!