Кемелер саны 3 есе артып, теңіз флотымыз күшейді

Фотография - Кемелер саны 3 есе артып, теңіз флотымыз күшейді

2005 бері шағын кемелеріміздің саны 70%-ға артып, 28,5 мыңға жетті. Ал теңіз флотындағы кемелердің саны 2,7 есе көбейіп, 298-ге дейін артты

185 0

2005 бері шағын кемелеріміздің саны 70%-ға артып, 28,5 мыңға жетті. Ал теңіз флотындағы кемелердің саны 2,7 есе көбейіп, 298-ге дейін артты - деп хабарлады   baq.kz

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Су көлігі басқармасының басшысы Арлан Закарьяновтың айтуынша, флотты кеңейту үшін бірінші кезекте судағы көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. 2012 жылы бұл салада 722 рет заң бұзылса, биылғы жылы заң бұзған азаматтардың саны мыңнан асқан. Барлық айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Біз жуырда 2013 жылдың навигациялық кезеңіндегі кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету нәтижелері бойынша кеңес өткіздік. Барлық аумақтық көліктік бақылау бөлімшелеріне су қоймаларын қатаң бақылауға алуды, әсіресе, күзде және көктемде мұз толық еріген уақытқа дейін кемелерді пайдаланбауды тапсырдық», - дейді Арлан Закарьянов.

Бүгінгі күні Қазақстанда 298 теңіз, 819 өзен және 28 583 шағын кеме тіркелген. Шағын кемелер қатарына гидроциклдер, моторлы қайықтар, катерлер, еспелі қайықтар, байдаркалар, үрлемелі қайықтар, катамарандар және желкенді кемелер кіреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!