Алматы облысында жаңа шекара заставасы ашылды

Фотография - Алматы облысында жаңа шекара заставасы ашылды

2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы облысы қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасы «Жамбыл» жаңа шекара бекеті салтанатты түрде ашылды

217 0

2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы облысы қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасы «Жамбыл» жаңа шекара бекеті салтанатты түрде ашылды, Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметі.

 

«ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев бекеттің символдық кілтін табыс ете отырып, Шекара қызметі өңірлік басқармасымен Жауынгерлік туларды тапсыру және жаңа «Жамбыл» бекетін елеулі оқиға - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ашу маңыздылығын атап өтті», - делінген хабарламада.

 

Қазақстан шекарашыларының халық пен елдің мүддесіне риясыз қызмет ететіндігіне, жауынгерлік антқа берік болып, өзінің қызметтік парызына адал болатындығына сенімділігін білдірді.

 

Н.Әбіқаев сонымен бірге, жаңа «Жамбыл» шекара бекетінің толыққанды қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдың қазіргі барлық талаптарына сай екендігін атап өтті.

 

Шекара бекеті аумағында барлық қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалған, жайлы, кең казарма, әскери қызметшілер жанұясына арналған жатақхана, спортзал, кинология қызметіне арналған орын-жай, ат қора және басқа да объектілер салынған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!