Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауып, жел күшейеді

139 0

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауып, жел күшейеді.

«Тек еліміздің оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді, түнде боран соғады, күндіз көктайғақ болады», - деп хабарлады  bnews.kz

Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облысының кейбір жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Атырау облысының жекелеген аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі деп болжанған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!