Қазақстанда шағын өлшемді флот саны 70 %-ға, ал теңіз флоты - 2,7 есе артты

Фотография - Қазақстанда шағын өлшемді флот саны 70 %-ға, ал теңіз флоты - 2,7 есе артты

Елімізде 2005 жылдан бастап шағын өлшемді флот саны 70 %-ға өсіп, 28,5 мың бірлікті құраса, теңіз флотының саны 2,7 есе артып, 298 бірлікті құрады

249 0

Елімізде 2005 жылдан бастап шағын өлшемді флот саны 70 %-ға өсіп, 28,5 мың бірлікті құраса, теңіз флотының саны 2,7 есе артып, 298 бірлікті құрады.

ҚР ККМ КБК Су көлігіндегі бақылау басқармасының жетекшісі Арлан Закарьяновтың айтуынша флот санын арттыру - су көлігіндегі қауіпсіздікті қамсыздандыру бойынша шараларды күшейтуді талап етеді. Осылайша, ағымдағы жылда осы салада 1061 әкімшілік бұзушылық табылып (2012 жылы – 722), кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды - деп хабарлады baq.kz

«Жуырда біз 2013 жылдың навигация кезеңінде кеме қатынасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткіздік. Көлікті бақылау комитетінің аумақтық органдарына мұз толығымен ерігенге дейін кемелерді пайдалануға алмау үшін, әсіресе күз және көктем айларында су қоймасын бақылауды күшейтуге тапсырма берілді» деп белгіледі Арлан Закарьянов.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 298 теңіз, 819 өзен және 28583 шағын өлшемді кемелер тіркелген. Шағын өлшемді су көлігі категориясына гидроциклдар, моторлы қайықтар, еспелі қайықтар, байдаркалар, үрлемелі қайықтар мен катамарандар, сонымен қатар желкенді кемелер жатады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!