2013 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 806 км жолы салынды

Фотография - 2013 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 806 км жолы салынды

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

240 0

Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің жөнделген учаскелерінің жалпы ұзындығы осы жылы қайта құрылған 806 км есепке алғанда 1721 км құрап отыр. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы Қызылорда облысында 254 км, Оңтүстік Қазақстанда 224 км, Жамбыл облысында 188 км және Ақтөбе облысында 140 км жол құрылысы аяқталды.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2014 жылы жол құрылыс жұмыстары аяқталған Ақтөбе облысынан басқа төрт облыста 179 км жол құрылысын аяқтап, жол қозғалысын ашу жоспарланып отыр. Осылайша Шымкент қаласынан РФ шекарасына дейінгі және Тараз қаласынан Алматы қаласына дейінгі жол учаскелерінде жол қозғалысы ашылады деп күтілуде.

2014 жылы құрылыс жұмыстарының негізгі көлемі осы жылы қайта құру жұмыстары басталған «Алматы-Қорғас» және «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» учаскелерінде болады. Құрылыс жұмыстары жалпы ұзындығы 99 км созылған «Ташкент-Шымкент» жол учаскелерінде де басталады.

Осылайша, 2014 жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстары тек қана шет мемлекеттерге шығу жолдарында жүргізіледі, атап айтқанда Алматы қаласынан ҚХР шекарасына дейін және Жамбыл облысы шекарасынан Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін.

«Автодәліздің қайта құрылысын 2015 жылы аяқтау жоспарланған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!