Талдықорған-Алматы бағытында әуе рейсі ашылды

Фотография - Талдықорған-Алматы бағытында әуе рейсі ашылды

Еліміздің әуе кеңестігінде Талдықорған-Алматы бойынша тағы бір жаңа бағыт ашылды.

281 0

Еліміздің әуе кеңестігінде Талдықорған-Алматы бойынша тағы бір жаңа бағыт ашылды.

Әуе кемесі талдықорғандықтарды Алматыға аптасына 4 күн тасымалдайды. Болашақта жолаушылардың сұранысына орай ұшу кестесі жиілеуі де мүмкін.

Бұрын Талдықорған-Алматы бағытына күнделікті ұшақ қатынайтын. Тек 1990 жылдардан бастап ол тоқтап қалды. Енді міне, арада 20 жылдан астам уақыт өткенде әуедегі тасымал қайта жанданды.

Әуе қатынасының жаңғыруын жолаушылар көптен күтті. Өйткені қазір Алматы-Талдықорған бағытындағы автокөлік жолы әбден тозған. Жаңа жолдың құрылысы әлі аяқталған жоқ. Әсіресе, қыста қатынау қиындық туғызады.

Перизат  Қадырова, қала тұрғыны:

- Мен осы рейске бірінші билет алған алғашқы жолаушымын. Өте қуаныштымын. Рейсті қайта ашқаны дұрыс болды. Бұрын көп уақытты жолға шығындайтынбыз. Алматыдан жеткенше, жолға 4-5 сағат кететін. Енді ұшақтың арқасында 40 минутта Алматыда боламын.

Нұржан Қуатов, қала тұрғыны:

- Қазір жол нашар. Ал ұшақпен тез барасың да шаруаңды тындырып қайтасың.

Әзірше аптасына 4 рет қатынайтын ұшақтың ұшу кестесін уақытша  әуежай қызметкерлері белгілеп отыр.

Зарина Абдуллина, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметінің басшысы:

- Әзірше ұшақ дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі, жексенбі күндері ұшатын болады. Егер жолушылар көбейіп жатса, онда кестені жиілетеміз.

Бұрын Талдықорған әуежайына Алматы, Астана, Балқаш және Үшаралдан ұшақтар қонатын. Соңғы жылдары әуежай тозып кетті. Тек биыл толық жөнделді.

Мамандардың айтуынша, енді кез келген ұшақ ұшып-қона алады. Әуежайдың мүмкіндігі де кеңейді.

Петр Журавлев, әуежай президентінің орынбасары:

- Біздің әуежайға енді кез келген әуе кемесі қона алады. Ал аэровокзал бір сағатта 100 адамға дейін қабылдай алады. Ендігі мақсат – тек дұрыс жұмыс істеу.

Әуежай басшылығы 2016 жылға дейін ұшақтарды толық жаңартуды жоспарлап отыр. Сол кезде еліміздің басқа бағыттарына да ұшақтар қатынай бастайды.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!