«Рахат» фабрикасын оңтүстіккореялық компания сатып алмақ

Фотография - «Рахат» фабрикасын оңтүстіккореялық компания сатып алмақ

Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery компаниясы Қазақстанның «Рахат» кондитерлік фабрикасының бірден-бір меншік иесі болғысы келеді.

143 0

Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery компаниясы Қазақстанның «Рахат» кондитерлік фабрикасының бірден-бір меншік иесі болғысы келеді.

Компания ол үшін өзіне жетіспейтін 23,75% қарапайым акцияларды сатып алғысы келетінін жариялады, делінген «Рахат» АҚ сайтында шыққан хабарламада.

27 қарашадағы жағдай бойынша, «Рахат» АҚ акциясының 76,25%-ы LOTTE Confectionery компаниясына, ал 12,18%-ы Sweet City ЖШС тиесілі. Бағалы қағаздардың қалған бөлігі - миноритарлы акционерлердің қолында.

Sweet City ЖШС қосқанда, миноритарлы акционерлерге 30 күннің ішінде, «Рахат» АҚ бағалы қағаздарын жоқ дегенде 6690 теңгеден сатып алу ұсынылды. Кондитерлік фабрика акцияларын сатуға арналған өтініштерді қабылдау, брокерлер арқылы Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде жүргізіледі. Өтініштерді 2013 жылдың 23 желтоқсаны мен 2014 жылдың 13 қаңтары аралығында беруге болады.

2013 жылдың III тоқсанында «Рахат» фабрикасының таза пайдасы 717 млн. теңге болды, былтыр II тоқсанда бұл көрсеткіш 460,9 млн. теңгені құраған еді. Осы жылдың 1 қазанында фабрика өнімдерінің сауда-саттық көлемі 20,6 млрд. теңгеге жуықтады.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!