«Қазақстанда жасалған» деген атаумен көрме өтті

Фотография - «Қазақстанда жасалған» деген атаумен көрме өтті

«Қазақстанда жасалған». Еліміздің тауар өндірушілері Павлодарда осындай атаумен өткен көрмеде өздерінің үздік өнімдерін көрсетті.

353 0

«Қазақстанда жасалған». Еліміздің тауар өндірушілері Павлодарда осындай атаумен өткен көрмеде өздерінің үздік өнімдерін көрсетті.

Осылайша он шақты компания мен өндіріс қазақстандық тұтыну үлесін арттыруға сүбелі үлес қосып отыр. Негізі бұл бағдарлама 2010 жылдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып келеді. Сол уақыттан бері отандық өнеркәсіптер 16 триллион теңгенің тапсырысын орындаған.

Павлодарда өткен форум отандық тауардың нарықтағы тұтыну аясы қандай екенінің қорытындысы іспеттес. Жарты жылдың ішінде талай жұмыс атқарылған. Экономика еселеп өсіп, отандық өнім өткізу бойынша да алға басушылық байқалады. Ең бастысы отандық тауарды нарықта тұтыну мен қызмет көрестудің үлесі артқан.

Серік Әбелі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің департамент директоры:

- Келешекте бұл көрсеткіштер өсетін болады. Ол үшін ұзақ мерзімге келісімшарттар жасаймыз. Отандық өндірістердің басты мақсаты – ықпалдастыққа дайындалуы шарт. Бұл бірыңғай экономикалық кеңістік пен ДСҰ-ға кіруге дайындық іспетті.

«Қазақстанда жасалған» деген атаумен өткен көрмеде отандық индустрияның барлық қыры ашылды. Еліміздің химия өндірісіндегі жетістіктері қазірдің өзінде нарықта Павлодар химия зауыты өнімінің үлесі 98%-ды құрайды. Тіпті, елімізде химиялық реагенттік өнімдер жетіспейді.

Лейла Тутенаева, форумға қатысушы:

- Біз 2016 жылы өнім көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, екінші желіні қосамыз. Біздің зауыт өнідірген өнімге сұраныстың артуы кәсіпорынның одан ары қарқын алуына септігін тигізеді.

Бүгінде отандық өнідірістер шетелдік кәсіпорындардан еш кем емес. Жаңа технологиялар мен ерекше құрылымның арқасында бәсекенің бәсіне төтеп бере алады. Нәтижесінде өз еліміздің нарығындағы сұранысты толық өтейді. Бірақ, экономикалық ықпалдастық терең жүйені талап етеді. Сондықтан қазір су шаруашылығы саласында бірқатар жобалар қолға алынды. Ертіс өзені мен Шүлбі су қоймасындағы суды дұрыс пайдалану арқылы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін де шешуге болады. Дәл осы тұста форумға қатысушылар ерекше сауда орталығы Астанада салынуы қажет деп санайды.

Амандық Баталов, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Егер біз осы сауда кешенін жасасақ, шаруа қожалықтары өз өнімдерін ешқандай делдалсыз әкеліп сата алады. Яғни күнделікті тұтынымдағы 33 түрлі азық-түлік өнімі әрқашан қарапайым халық үшін арзан болады. Бұл тек астаналық тұтынушылар емес, Павлодар, Өскемен, Қарағанды сияқты қалаларға да жақсы болар еді.

Форум соңында тауар өндірушілер мен кәсіпорындар бірқатар  келісімдерге қол қойды. Алдын ала 480 млн. теңгенің шарты бекітілген.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!