Нұрсұлтан Назарбаев Гаага қаласында өтетін Ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысады

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Гаага қаласында өтетін Ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы наурыз айында Гаага қаласында өтетін Ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысады

315 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы наурыз айында Гаага қаласында өтетін Ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен өткен ведомствоның басшылық құрамының отырысында мәлім болды.

«Келесі жылдың басында болатын елеулі оқиғалардың бірі ретінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылы наурыз айында Гаага қаласында өтетін Ядролық қауіпсіздік 3-саммитіне қатысуы аталып өтілді. Ал осы жылдың соңына дейін Еуразиялық Экономикалық қауымдастығы және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің аясында Мәскеу қаласында жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулер өтеді деп жоспарлануда», - делінген СІМ хабарламасында.

Өз кезегінде ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов 19 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифингке қатысады. Онда елдің 2013 жылы орын алған сыртқы саясатының негізгі қорытындыларына қатысты тақырып көтерілмек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!