Дариға Назарбаеваға «Барыс» ордені табыс етілді

Фотография - Дариға Назарбаеваға «Барыс» ордені табыс етілді

Мемлекетіміздің ұлық мерекесі - тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі өтті.

285 0

Мемлекетіміздің ұлық мерекесі - тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі өтті.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Елбасының Жарлығында атап көрсетілгендей, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбектері үшін, әлеуметтік-экономикалық саланы, руханиятты дамытуға, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін: II дәрежелі «Барыс» орденімен Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, «Парасат» орденімен Ерсұлтан Бектұрғанов, Мейрам Пішембаев және Мұхтар Тінікеев, сонымен бірге, Мәжілістің аударма және редакциялау бөлімінің жетекшісі Дәуітәлі Омашұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ал, «Ерен еңбегі үшін» медальіне мәжілісмендер Галина Баймаханова, Түлеш Кенжин, Зухра Саяпова, Алмас Тортаев және аппарат қызметкерлері Хулимат Әубәкірова, Балхия Дәулетов ие болды.

Сондай-ақ, Мәжілістің бірқатар үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы табыс етілді.

Мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, еліміздің осы күнге дейін жеткен жетістіктері ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен және ерен еңбегімен байланысты. Сондай-ақ, Қазақстандағы парламентаризмді қалыптастыру мен дамыту жолында да Президенттің рөлі өте зор.

- Бүгінгі күні көппартиялы Парламенттің жұмысы ең алдымен, Елбасы Стратегиясын табысты орындау үшін заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған,- деді Нұрлан Нығматулин

Жиналғандар Елбасына алғыс-тілектерін арнап, Қазақстанның тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында аянбай еңбек ете беретіндерін жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!