Елбасының еңбек жолы басталған Қарағандыда Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Фотография - Елбасының еңбек жолы басталған Қарағандыда Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Кеншілер Мәдениет сарайында кеше, 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты жиын өтті.

241 0

Кеншілер Мәдениет сарайында кеше, 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты жиын өтті.

Мерекелік жиынға еңбек ұжымдары, соғыс және еңбек ардагерлері, қаламыздың құрметті азаматтары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Салтанатты жиынды облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ашып, жиналған жұртшылыққа жылы құттықтауын жеткізді.

- Ата-бабамыз аңсаған азаттығымызды алдық, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Еліміз еңсе көтерді, халқымыз қатарға қосылды. Тәуелсіздіктің таңы атқан шақта еркін ел ерікті таңдауын жасап, тізгінді Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсырды. Жүрегі жұртым деп соққан Елбасымыз елін жарқын болашаққа бастады. Бүгінде ашық аспанымызда Азаттық әні әуелеп, тұғырымызда тәуелсіздік туының желбірегеніне жиырма екі жыл толып отыр! Бұрын ешкім білмеген егемен елімізді бүгінгі күні бүкіл әлем мойындады. Барынша дамыған елу елдің қатарына қосылған тәуелсіз Қазақстан дүние жүзіне тұрақтылық пен келісімнің, ынтымақ пен бірліктің ғажап үлгісін көрсетіп отыр. Бұрын ешкім білмеген егемен елімізді бүгінгі күні бүкіл әлем мойындады. Барынша дамыған елу елдің қатарына қосылған тәуелсіз Қазақстан дүние жүзіне тұрақтылық пен келісімнің, ынтымақ пен бірліктің ғажап үлгісін көрсетіп отыр,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі Елбасымыздың еңбек жолы басталған Қарағанды жұртшылығының да ел дамуына, өсіп-өркендеуіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

- Оған әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы айқын дәлел бола алады. Жыл басынан бері өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, негізгі инвестиция және құрылыс жұмыстарының көлемі айтарлықтай артып келеді. Оған Мемлекет басшысының «Қарағанды - басқа өңірлер қарап бой түзейтін еліміздің индустриалдық тірегі» деп берген бағасын айрықша атап кеткім келеді,-деді Бауыржан Түйтеұлы.

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Жарлығына сәйкес бір топ қарағандылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

ҚР мемлекеттік наградаларымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/21 мекемесі бақылау қызметі бөліміінң аға бақылаушысы (қаза болғаннан кейін) Қашымбеков Жансерік Қуанышбекұлы, «Парасат» орденімен «Сигма-Теміртау» ЖШС директоры Омашев Қуаныш, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен «ҚР органикалық синтез және көмір химиясы институтының» ЖШС директоры Молдахметов Зейнолла, «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Әлмағамбетов Қайыртай марапатталды. Сонымен қатар, бір топ үздік қызметкерлер «Ерлігі үшін» медаліне, «Ерен еңбегі үшін» медаліне, «Шапағат» медаліне, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына ие болды.

Сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры Әміров Есжан Сарманқұлұлы, «Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК джаз оркестрінің бас дирижері Андрейченко Игорь Владимирович ие болды.

Содан кейін мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!