Ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жаңа ғимаратқа қол жеткізді

Фотография - Ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жаңа ғимаратқа қол жеткізді

Ақмола облысындағы Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жаңа ғимаратқа қол жеткізді.

221 0

Ақмола облысындағы Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жаңа ғимаратқа қол жеткізді.

Үш қабатты нысанның құрылысы 1,5 жыл бұрын басталған. Республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Осылайша 100-ден аса полицейдің қызмет етуіне барлық жағдай жасалып отыр. Ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратында мәжіліс және спорт залы, нысана көздеуге жаттығу бөлмесі қарастырылған. Облыс орталығынан келген қонақтарға нысанның материалдық-техникалық базасы көрсетілді, -деп хабарлайды 24.kz.

Тәртіп сақшылары заман талабына сай орталықтың ашылуы жұмыстарының жандануына ықпал ететін айтады.

- Ауданда өте ауыр қылмыстардың саны аз. Астанаға жақын болғаннан кейін бізде негізінен біреудің мүлкін ұрлау, мал ұрлығы көп кездеседі. Біз жеке құраммен жұмыс істеп, оған тосқауыл қоямыз,- дейді облыстық ІІД басшысы Жайлаубек Халықұлы.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!