Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Фотография - Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бұл атаулы күн 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 25.06.2008 ж. және 22.04.2009 жылғы Заңдарымен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-де «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі

488 0

Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Бұл атаулы күн 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 25.06.2008 ж. және 22.04.2009 жылғы Заңдарымен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-де «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі. Республика өз бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде, қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге мүмкіндік берді.

Мінеки, ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға да 22 жылдың жүзі болып отыр. Тарих үшін соншалықты зор кезең болмағанымен, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық-әлеуметтік, саяси, қауіпсіздік мәселелерінде, оның ішінде жаһандық. өңірлік проблемаларға қатысты өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, өз ұстанымын паш ете алатын егемен мемлекет бола алатынымызды барлық қырынан айқындап, мойындаттық.

«Жылға бергісіз күндер, ғасырға бергісіз жылдар болады. Біз үшін өткен 22 жыл дәл осындай кезең. Біз үйренетін ұлттан, үйрететін ұлтқа, жығуға емес, жығылмауға ұмтылатын елге айналдық. Бүгінгі ісімізге қарап ертеңгі ұрпақ бізге баға беретін болады. Тәуелсіздік - жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын кәусар бұлағымыз. Біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қатар өрілген Мәңгілік Елімізді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздіктің туын тігу бақыты мен оны баянды етіп, нығайту міндеті біздің маңдайымызға жазылды. Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік Елдің жүрегіне айналған мәңгілік Астанамызды тұрғыздық. Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік өшпес жылнама жаздық. Мәңгілік болашаққа жол салдық. Осының барлығы тәуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мәңгілік Еліміздің келбеті сәнді, еңбегі мәнді болсын! Күллі халқымызға берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін!»,-деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!