Әзірбайжан Президенті Елбасы Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фотография - Әзірбайжан Президенті Елбасы Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

204 0

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Қазақстанның ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күніне орай менің шынайы құттықтауым мен ізгі ниетті тілегімді қабыл алыңыз. Бүгінде достас Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікті нығайту, елді әлеуметтік-экономикалық дамыту жолына сенімді қадам басып келеді. Қазақстан әлемдік қоғамдастықта да лайықты орын алып отыр. Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы достық пен мемлекетаралық қарым-қатынастардағы өзара қолдау әрі стратегиялық серіктестік дәстүрлеріне негізделген және алдағы уақыттарда да біздің халықтарымыз бен елдеріміздің мүдесіне қызмет ете беретіндігіне сенімдімін», - делінген құттықтауда.

Сондай-ақ И.Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт және сәттілік, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен өрлеу тілеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!