Қырғызстан Президенті А. Атамбаев Н. Назарбаевты Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фотография - Қырғызстан Президенті А. Атамбаев Н. Назарбаевты Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздік күніне орай құттықтау хатын жолдады

397 0

Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздік күніне орай құттықтау хатын жолдады.

Бұл туралы Қырғызстан мемлекеті басшысынының баспасөз қызметінен хабарлады.

Құттықтау хатында: " Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қырғызстан Республикасы халқы мен жеке өзі құттықтауым мен игі тілектерімді қабыл алыңыздар".

А. Атамбаев Қырғызстан- Қазақстан стратегиялық әріптестігінің екі ел халқының игілігіне әр қарай да жан-жақты дами және тереңдей түсетініне сенім білдірді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа амандық және мемлекеттік қызметте әрі қарай да табысқа жетуіне, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен елдің гүлдене беруіне тілектестік білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!