Тәуелсіздік мерекесінде Жамбыл облысының жетімдері баспана алды

Фотография - Тәуелсіздік мерекесінде Жамбыл облысының жетімдері баспана алды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Таразда салынып жатқан «Бәйтерек» ықшамауданында 75 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

213 0

Тәуелсіздік күні қарсаңында Таразда салынып жатқан «Бәйтерек» ықшамауданында 75 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Балалар үйінде тәрбиеленген сегіз жетім балалар отбасылары жаңа үйге қоныстанды, - деп әңгімеледі ҚазАқпарат тілшісіне Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков. - Үйге барлық коммуникациялар тартылған. Қалған тұрғындар жүз пайыз орналасып алғаннан кейін газ да беріледі. Бір ай бұрын дәл осы «Бәйтерек» ықшамауданында 15 жетім балаға 1 бөлмелі пәтерлер тапсырылған».

Сарымолдаев атындағы Тараз қаласы балалар үйінде тәрбиеленген 23 жасар Вера Райтер 15 жасынан бастап тұрғын үйге кезекте тұрған. Жолдасы Виктормен Жасөспірімдер үйінде тұрған, жалдамалы пәтерлерді жағалап жүрген. «Осы уақыт ішінде ұлымыз дүниеге келді, қазір ол төрт жасқа толды. Міне, енді өте әдемі екі бөлмелі пәтер алдық, сол үшін мемлекетімізге алғыс білдіреміз», - деп ағынан жарылды В. Райтер.

20 және 22 жастағы ерлі-зайыпты Скопичевтер де үйге кезекке тұрып, Сарымолдаев атындағы балалар үйінде өскен. «Көптен күткен 2 бөлмелі пәтерімізге қол жеткіздік! Біз өте қуаныштымыз!, - дейді Вадим Скопичев. - Сүйікті мемлекетіміздің барлық азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Бәріңізге денсаулық, табыс тілейміз, алдағы өмірлеріңізде тек қана жақсылықтар болғай!».

Жаңа үйдің жас тұрғындарына Тараздың осы уақытқа дейін дала алқабы болып келген ауданының серпінді дамып келе жатқаны ұнайды. «Бүгін мұнда үлкен «Тараз-Арена» Спорт сарайы, «Атакент» ірі базары, екі жаңа балалар үйі, жаңа балар емханасы орналасқан. Қоғамдық көліктер үздіксіз жүріп тұрады», - дейді В. Райтер.

«Тараз тұрғын үйi» директорының орынбасары Қанат Тұрысбеков балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жалдық-коммуналдық тұрғын үй құқығында жаңа үйден пәтерлер алғанын айтты. «Айына 3,5 - 4 мыңға шығатын пәтерақысын мемлекет, ал коммуниалдық қызметке тұрғындар өздері төлейді. Олардың кез-келген уақытта тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқығы бар», - деп түсіндірді Қ. Тұрысбеков.

Қалалық әкімдікте «Бәйтерек» ықшамауданындағы екі жаңа үйдің қалған 142 пәтеріне тұрғындардың мерекеден кейін орналасатынын хабарлады. Пәтер алуға үміткерлерді қалалық әкімдіктің тұрғын үй комиссиясы қарастыруда.

Таразда бүгінгі күні барлығы 1 250 жетім бала және 4 500 зейнеткер, мүгедек, Ұлы Отан және ауған соғысының ардагерлері жалдық-коммуналдық тұрғын үй алуға кезекте тұр, деп хабарлады қалалық әкімдікте.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!