«А» корпусы шенеуніктерінің жалақысы 50 пайызға көтеріледі

Фотография - «А» корпусы шенеуніктерінің жалақысы 50 пайызға көтеріледі

Биыл зейнеткерлермен қоса жақында ғана жасақталған "А" корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілерінің де жалақылары өсетін болды.

401 0

Биыл зейнеткерлермен қоса жақында ғана жасақталған "А" корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілерінің де жалақылары өсетін болды. Тек шенеуніктердікі әлдеқайда көп, 50 пайызға көтерілмек. Бұл жемқорлықты жою үшін жасалып отырған жоспар. 

Алайда, халық пен сарапшылар "айлығы еселенген шенеуніктер енді пара алмайды", - дегенге сенбей отыр. "Өйткені, сіңісіп кеткен бұл жүйені бұзу үшін заң мен жазаны қатаңдату керек", - дейді тұрғындар.

«А» корпусындағы шенеуніктер үшін келе жатқан жылқы жылының жемісті болатын түрі бар. Жаңа жылдан бастап олардың жалақысы бірден елу пайызға көбеймек. Ал халық «элита» деп атап жүрген «А» корпусына кімдер кіреді? Ең алдымен Президент істері басқармасы, есеп және орталық сайлау комитеттері, онан соң Премьер-министрдің канцеляриясы, облыс әкімі аппаратының жетекшілері мен қала, аудан әкімдері және тағы басқалары. Яғни, кілең басқарушылар. Елімізде осындай 1124 адам бар. Олар биыл сынақ тапсырып, біліктіліктерін дәлелдеп шықты. Соған сәйкес табатын табыстары да жаман емес.Ал президент айтқан өзгеріс енгізілетін болса, жағдайлары былайша өзгермек. «А» корпусындағылардың орташа жалақысын мәселен 200 мың теңге деп алсақ, 1-қаңтардан бастап айлықтары 300 мың теңгеге дейін жоғарылайды. 50 пайыздық үстеме, яғни 100 мың теңге. «А» корпусына қатысы жоқ, саяси тұлғалар болса, жалақының жоғарылауы - жемқорлыққа қарсы бірден-бір дәру болады деп отыр. 

 

ВЛАДИМИР БОЖКО, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

- Жақсы бір сөз есіме түсіп тұр. Егер тәртіп сақшысы мен дәрігерлердің қарны тоқ болмаса мемлекеттің іргесі берік болмайды деген.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басшысы Әлихан Бәйменов үшін де шенеуніктің қарны тоқ болмаса, жемқорлықпен күресу оңай болмайды.

ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік қаржыны жұмсау туралы инвестициялар, мемлекеттік сатып алулар туралы белгілі бір деңгейде жалақысы болмаса жемқорлықпен күресу қиын.

- Сонда арыла аламыз ба жемқорлықтан?

- Бұл одан арылудың бір факторы.

 

Десе де, жалақының жоғарылауы жемқорлықты жеңе алмайды дейтіндер де көп.

 

РАСУЛ ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

- Жемқорлықтың алдын алу тек қана шенеуніктердің жалақысын көтерумен шешілетін мәселе емес, біріншіден, екіншіден, енді онсыз да жалақысы жоғары топтың жалақысын жартылай өсіру қалғандарының жалақысын өсірмей тұрып өсіру бұл жерден қисынды көріп отырған жоқпын.

Қарапайым халық та бұл жолдың жемқорлықты жоятынына сенбейтін болып шықты.

Тұрғындар:

- Алып үйреніп қалған қол ала беретін секілді.

 

Ал, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін Момыш Махметовтың пікірі басқаша. "Бұл бастама расында да қоғам болып күресе алмай жатқан жемқорлыққа тұсау салуы мүмкін", - дейді. Кезінде менен де пара сұрағандар болған, деп әңгімесін бастаған ол, бұл жақсы бетбұрыс деп отыр.

 

МОМЫШ МАХМЕТОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР:

- Көптік етпейді, үстіне 50 пайыз қосылады. Пара сұрағандар кездеседі, бірақ оған жол берілмейді.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде судьялардың да жалақысы 60 пайызға көтерілген болатын. Сонан жемқорлық жойылады деп жоспарланған. Бірақ, соған қарамастан судьялардың жыл сайын үш-төртеуі парамен ұсталып, ал, он шақтысы қызметінен қуылса, тағы қырық шақтысы тәртіптік жазаға тартылады екен. Бұл жаңашылдықтың енді "А" корпуында қандай сипат алатыны тек уақыттың еншісінде.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!