Қазақстан Қырғыз еліне екі мектеп салып береді - Мәжіліс

Фотография - Қазақстан Қырғыз еліне екі мектеп салып береді - Мәжіліс

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз республикасында мектеп салу туралы келісімді және 2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады

181 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз республикасында мектеп салу туралы келісімді және 2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Аталған хаттамаға 2013 жылғы 11 сәуірде Астана қаласында қол қойылған. Заң жобасының мақсаты Ош облысында тоғыз жүз орындық мектеп салу және оған іргелес жатқан аумақты абаттандыру болып табылады. Хаттамамен осы келісімге мектептің санын екіге дейін көбейту бөлігіне өзгеріс енгізіліп отыр. «Қырғыз тарапы нысандарды салу үшін Бішкек қаласында 2, 49 гектар көлемінде және Ош қаласында 2,5 гектар көлемінде Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір міндеттемелерден босатылған жер учаскелерін ұсынатын болады. Мектептерді салу «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін, жалпы мөлшері 1 млрд. 200 млн. 800 мың теңге қаражат есебінен жүзеге асатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!