Қазақстанда балалардың 8 пайызынан астамы суицидке барған

Фотография - Қазақстанда балалардың 8 пайызынан астамы суицидке барған

Қазақстанда балалардың 8 пайызынан астамы суицидке барған

189 0

Қазақстанда балалардың 8 пайызынан астамы суицидке барған. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы барысында депутат Алдан Смайыл осылай мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, заң жобасымен ең бірінші кезекте қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын ақпараттарға тыйым салынады. «Соңғы уақытта балалар арасында қатыгездік артып, бір-біріне бауырмалдық деген сөніп барады. Бұның себебі залалды ақпараттардың емін-еркін таралуынан туындаса керек. Бұдан кейінгі кезекте балалардың өз өмірлеріне өздері зиян тигізетін, өзіне өзі қол салуға итермелейтін ақпараттарға тыйым салғалы отырмыз. Өйткені, суицид деген арамызда көбейіп кетті. Дүниежүзілік деректерге қарағанда БҰҰ мәліметінше жылына 1,5 млн. жуық бала өзіне өзі қол салады. Ал Қазақстанда өткен жылдарда кәмелетке толмаған жалпы балалар санының 8 пайыздан астамы осындай әрекеттерге барған. Әрине, олардың бәрі өліммен аяқталған жоқ. Дегенмен бұл көрсеткіш қауіпті», - дейді депутат.

Бұдан бөлек, депутат дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды қамтитын ақпараттарға да тыйым салынатынын жеткізді. «Өйткені, бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Таяуда ғана Ақтөбедегі бір сайт ашықтан ашық балаларды осыған шақырған. Біз дереу прокуратураға хат жолдадық, бүгін ғана соған қатысты жауап алып отырмын. Олар сайттың мәселесін қарап жатыр екен. Алайда, осындай заң болмағандықтан ондай сайттарды біржолата жауып тастау да мүмкін болмай отырған секілді. Сол үшін біз бұндай ақпараттарды тыйым салынатын ақпараттар қатарына қосып отырмыз», - дейді депутат.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!