Астана Азияның туризм қаласы атануы мүмкін

Фотография - Астана Азияның туризм қаласы атануы мүмкін

деп хабарлайды, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

1281 0

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Бахрейннің Манама қаласында Азия диалогы бойынша 12 -ші министрлер кездесуіне қатысты, деп хабарлайды, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

«Шара барысында «Азиялық туризмді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдаманың басты тармағы – азиялық туризм қаласын таңдау болып отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азиялық туризм қаласы мәртебесі жылына бір елге ғана беріледі. Азиядағы 30-ға жуық ел таңдап алынған азиялық туризм қаласын жұртқа танытып, барынша жарнамалап отырады.

2014 жылы осындай қала ретінде - Бахрейн королдігінің астанасы Манама қаласы таңдалған.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиев «Қазақстан тарапынан Астананың таяу жылдары азиялық туризм қаласы мәртебесін алуына барлық шараны қолға алады», деп мәлімдеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!