Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі қамауға алынды

Фотография - Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі қамауға алынды

деп хабарлады ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.

80 0

Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі Төлеген Бастенов ұсталды, деп хабарлады ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, сол күні Бастеновке қатысты 8,7 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. 13 желтоқсанда ол сот санкциясымен қамауға алынды. Бүгінгі күні Бастенов тергеу абақтысында.

«Қылмыстық іс тергелуде, Бастеновтің басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - делінген хабарламада.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!