Еліміздің бірқатар аймақтарында боранға байланысты көлік жолдары жабылды

Фотография - Еліміздің бірқатар аймақтарында боранға байланысты көлік жолдары жабылды

 Республиканың бірқатар аймақтарында алай-дүлей боран соғуына байланысты автокөліктер үшін жолдар жабылды

139 0

 Республиканың бірқатар аймақтарында алай-дүлей боран соғуына байланысты автокөліктер үшін жолдар жабылды.

Астана қаласында және Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын соғуы, көру мүмкіншілігінің нашарлауы) автокөліктер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Ақтөбе облысында боранға байланысты "Ақтөбе-Орск" автокөлік жолының 21-135 шақырымында, "Ембі-Шалқар" автокөлік жолының 91-257 шақырымында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.

Қарағанды облысында Теміртау қаласы - Ақмола облысының шекарасы аралығындағы "Алматы-Екатеринбург" автокөлік жолында, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы аралығындағы "Қызылорда-Павлодар" автокөлік жолында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Павлодар облысында 19 желтоқсан сағат 01:20-дан бастап "Шідерті-Ерейментау-Астана", "Шідерті-Қарағанды" автокөлік жолдары жабық.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!