Қостанайда «Тoyota Фортунер» көлігі құрастырылады

Фотография - Қостанайда «Тoyota Фортунер» көлігі құрастырылады

«Тoyota Фортунер» көлігі енді Қостанайда құрастырылатын болады

144 0

«Тoyota Фортунер» көлігі енді Қостанайда құрастырылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Индустрияландыру картасы бойынша құны 101,2 млрд теңге болатын 69 нысан қолға алынды. Жаңадан 4,3 мың жұмыс орны ашылып, еңбек өнімділігі 1,3 есе артты. Облыс инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша республикада 2-орында тұр. Қолға алынған 58 жобаның 38-і өз жұмысын бастап кетті. Өнім өндіру көлемі 42 млрд теңгені құрады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштер өсе беретін болады», - деді Н.Сәдуақасов.

Облыстағы қолға алынған ауқымды жобалардың қатарында отандық «Nomad» авткөлігін құрастыру жобасы бар. Сонымен қатар, 2014 жылдың сәуір айынан бастап «Тoyota Фортунер» көлігін жасау қолға алынады.

Айта кетейік, Қостанайда 2011 жылы 900, 2012 жылы 2700 автокөлік құрастырылса, 2013 жылы 7,5 мың көлік құрастырылған. Ал, 2014 жылы 15 мың көлік құрастыру жоспарланған - деп хабарлады  baq.kz

  •  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!