Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесі құрылады

Фотография - Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесі құрылады

 Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өтіп жатқан палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

310 0

 Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өтіп жатқан палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Заң жобасы негізінен ҚР Президентінің Жолдауларында жүктелген міндеттерді атқаруға бағытталған. Осы мақсатта елді мекендердің, инженерлік құрылыстардың және желілердің, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі туралы ақпараттың жеделдігін қамтамасыз ету шаралары көзделеді. Бұл ретте мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру қарастырылып отыр. Бұнымен қоса, авторлық қадағалауды жүзеге асыру рәсімдерін реттеу және нысандар құрылысына арналған алдын ала жобалау құжаттамасының мерзімін белгілеу көзделеді.

Сонымен қатар, заң жобасында қала құрылысының жаңа жүйесі озық технологияларды пайдалана отырып, жекелей кәсіпкерлер мен халықты қолжетімді деңгеймен қамтамасыз ету қарастырылады. Ақпараттардың жеткіліктілігі түрлі рұқсаттама жүйелерінің соның ішінде, жер телімін беру, құрылыс салуға рұқсат беру, т.б. уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Бұл сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтан сақтандыратын жаңа жүйе. Бұл басқа да мемлекеттік ақпараттық базалармен бірге Электрондық үкіметтің құрамдас бөлігі болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!