Жақсы заңдар қабылданғанымен, оны орындау жағы кемшілдеу

Фотография - Жақсы заңдар қабылданғанымен, оны орындау жағы кемшілдеу

Жақсы заңдар қабылданғанымен, оны орындау жағы кемшілдеу. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті.

235 0

Жақсы заңдар қабылданғанымен, оны орындау жағы кемшілдеу. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, жиын барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланған болатын.

Талқылау барысында сенатор Қ. Айтаханов заңның агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісінде маңызды екенін, сондықтан да оның орындалуына баса мән беру керектігін алға тартты. «Бізде көп жағдайда жақсы заңдар қабылданады, ал оны іске асыруға бағытталған Үкімет қаулылары мен атқарушы органдардың бұйрықтары, ережелері кешігіп шығады немесе сапасыз, орындаушылар үшін түсініксіз күйде қабылданып, бұл заң нормаларының орындалмауына әкеп соғады», - дейді депутат. Оның сөзіне қарағанда, қабылданған бағдарламалар да, заңдар да өңірдегі орындаушыларға терең түсіндірілмейді, жергілікті жерлерге ондағы жаңалықтар көбінесе жетпей де жатады. Соның салдарынан тиісті дәрежеде қабылданған заңдардың өзі жұмыс істемей жатады.

«Мәселен, Үкімет қабылдаған «Агробизнес-2020» бағдарламасында агроөнеркәсіп субъектілерін қолдау тетіктері жан-жақты қамтылған. Қыруар қаржы қарастырылған. Алайда, өңірлерде жұртпен кездесуде байқағанымыз, бағдарламаның қабылданғанына бір жылдай уақыт өтсе де, оның негізгі бағыттарын, мемлекеттің шаруаларға жасап отырған жеңілдіктерін ауыл тұрғындары, керек десеңіз ауыл әкімдерінің өздері де толық біле бермейді. Ал мемлекеттің қамқорлықтары мен жеңілдіктерін білмесе шаруалар ондай қолдаулардан тыс қалып қалмай ма? Түптеп келгенде бұл саланың дамуына кері әсерін тигізеді», - дейді депутат Айтаханов.

Бұл ретте сенатор Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершіл болуы керектігін атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті органдар Үкімет қабылдаған бағдарламаларды, заңдарды жұртшылыққа, шаруаларға барынша жеткізіп, терең түсіндірулері керек.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!