Сыртқы істер министрі 2013 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Фотография - Сыртқы істер министрі 2013 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Тәуелсіз Еліміздің 22 жылында Қазақстанның сыртқы саясаты нығайып, халықаралық сахнада ұлттық мүдделерімізді қамтамасыз етудің тиімді құралына айналды

186 0

Тәуелсіз Еліміздің 22 жылында Қазақстанның сыртқы саясаты нығайып, халықаралық сахнада ұлттық мүдделерімізді қамтамасыз етудің тиімді құралына айналды. Мұны ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті - деп  хабарлады   baq.kz

«2013 жыл Сыртқы істер министрлігі үшін айтарлықтай жемісті болды. Жыл бойы көптеген шетелдерге сапарлар орын алып, ірі халықаралық шаралар ұйымдастырылды. Елімізге 8 мемлекет басшысы, 6 үкімет басшысы, 10 сыртқы істер министрі және 7 халықаралық ұйымның басшысы ресми сапарлармен келді. Осы жылы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Қазақсанда ұйымдастырылған 11 шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, 1 шара Премьер-Министрі Серік Ахметовтің және басқа да үкімет мүшелерінің қатысуымен 16 маңызды халықаралық шара өтті», - дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, 2013 жылы Елбасы 5 шет мемлекетке, Премьер-Министр 4 елге сапар шекті. Үкімет мүшелері 25-тен астам сапарда болып, шетелдерде Елбасының қатысуымен 9 шара ұйымдастырылды. Премьер-Министрдің қатысуымен 5 шара, сыртқы істер министрлігінің қатысуыммен 12 шара өткен.

«Жалпы осы жылы Сыртқы істер министрлігі 38 халықаралық шара және 57 екі жақты сапар ұйымдастыруға қатысты. Қазіргі таңда Қазақстанда 67 елшілік және дипломатиялық өкілдік, 22 халықаралық ұйым, 17 Бас консулдық тіркелген. Шет елдерде Қазақстанның 54 елшілігі, 5 тұрақты өкілдігі, 3 дипломатиялық миссиясы, 10 бас консулдығы – жалпы саны 82 дипломатиялық өкілдігі шетелдерде қызмет етіп жатыр. Бұл біздің көршілерміз – Ресей, Қытай, Орталық Азия елдерімен, сонымен бірге АҚШ, Еуропалық Одақ, Азияның басты мемлекеттерімен қатынастарды дамыту болып табылады», - дейді Е.Ыдырысов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!