Қазақстан мен Қытай арасында 30 млрд. доллардың құжатына қол қойылды

Фотография - Қазақстан мен Қытай арасында 30 млрд. доллардың құжатына қол қойылды

 Биылғы жылы Қытай мен Қазақстан арасында жалпы сомасы 30 млрд. доллардан астам сомаға 23 құжатқа қол қойылды

211 0

 Биылғы жылы Қытай мен Қазақстан арасында жалпы сомасы 30 млрд. доллардан астам сомаға 23 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде 2013 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған ведомство басшысы Ерлан Ыдырысов мәлім етті - деп хабарлады baq.kz

«Баршамызға белгілі, Қытай Халық Республикасына жаңа басшы Си Цзиньпин келгелі, билік органдарында жаңа басшылар легі пайда болды. ҚХР жаңа басшысы Си Цзиньпинмен серіктестік сенімділік диалог құрылды. 2013 жылы Қазақстан мен Қытай басшылары екі рет ресми кездесу өткізді. Бірі – Боаос форумы аясында болса, екіншісі – ҚХР басшысының Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде. Си Цзиньпин осы сапарында Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы стратегиялық саясаты туралы тарихи баяндама жасаған болатын. Сонымен бірге, сапар аясында жалпы сомасы 35 млрд. доллардан астам сомаға 23 екі жақты құжатқа қол қойылды», - дейді Е.Ыдырысов.

Біздің Орта Азиядағы сыртқы саясатымыз өзара тиімді және тату көршілік қатынас негізінде өңірдегі мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты жандандыру және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелерге бағытталған. 2013 жылы 12 екі жақты құжатқа қол қойылды, оның ішінде Өзбекстанмен стратегиялық серіктестік туралы Шарт, Орталық Азия мемлекеттерімен салалық келісімдер және ынтымақтастық бағдарламалар бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!