Жұма күні Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, боран соғады

Фотография - Жұма күні Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, боран соғады

Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, жел күшейіп, боран соғады

221 0

Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, жел күшейіп, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі, тек республиканың оңтүстік шығыс шеті мен батысында ғана қар жаумайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Павлодар облысында желдің жылдамдығы түнде 17-22 м/с боранға ұласады, кей жерлерде желдің ұйытқуы 25 м/с-ге жетеді. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп боран соғады. Ақмола облысында боран соғады, түнде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ге дейін ұйытқып соғады, күндіз желдің қарқыны 15-20 м/с шамасында сақталады.

Қарағанды облысында түнде боран соғуы ықтимал, жел 15-20, тіпті 25 м/с-ге жетеді, күндіз боран соғады, жер тайғақ болады, желдің қарқыны 17-22 м/с. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-22 м/с, боран соғады. Қызылорда облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі, көктайғақ, күндіз Атырауда желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Алматы облысының Жалаңашкөл тұсында жел күшейіп 15-20 метр секундке жетеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!