Прокуратура: "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге Рахат Әлиев тапсырыс берген"

Фотография - Прокуратура: "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге Рахат Әлиев тапсырыс берген"

Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырысты Рахат Әлиев берген деп хабарлады бүгін Қазақстан бас прокуратурасы.

224 0

Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырысты Рахат Әлиев берген деп хабарлады бүгін Қазақстан бас прокуратурасы.

Қазақстан оппозициясының басшыларының бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылдың ақпанында жанындағы екі серігі Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынмен бірге Алматыда жұмбақ жағдайда кісі қолынан қаза тапқан еді.

Ресми жүргізілген тергеу қорытындысына сүйенген сот бұл қылмысқа парламент сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев «тапсырыс берген» деп тауып, оны 20 жылға соттаған. «Кісі өлтіру» қылмысын жасаған деп танылған бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов өмір бойына түрме жазасына кесілген еді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Ибрагимов 2012 жылдың сәуір айында Жоғарғы сотқа жүгініп, Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев деп көрсеткен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!