Болашақта шетелге әскери контингент жіберу жоспарда бар

Фотография - Болашақта шетелге әскери контингент жіберу жоспарда бар

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков осылай деді, деп хабарлайды.

122 0

Қазақстан болашақта шетелге әскери контингент жіберуді көздейді. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков осылай деді, деп хабарлайды.

«Әскери контингент жіберуге келетін болсақ, болашақта біз түрлі өңірлерге 150 адамға дейінгі ротаны жолдауды жоспарлап отырмыз. Бұл шешім , әрине, біздің сыртқы саяст ведомствомызбен кеңескеннен кейін қабылданады», - деді министр.

Оның айтуынша, әскери контингент құрамына келісімшартпен жұмыс жасайтын кәсіби әскери қызметшілермен қатар, офицерлер де кіреді.

«Халықаралық коалицияларда жұмыс істеп, әскери операцияларға қатыса отырып, біздің әскерилер қажетті жауынгерлік дайындықтан өтеді», - деді министр.

Еске сала кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президентінің ҚР Қарулы күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау миссияларына бақылаушы ретінде қатысуға жіберу ұсынысы қаралды. Президенттің бұл ұсынысына Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан қолдау танытты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!