Елбасы «жасыл экономиканың» алғашқы қарлығаштарының бірі - Қапшағай күн электр стансасын іске қосты

Фотография - Елбасы «жасыл экономиканың» алғашқы қарлығаштарының бірі - Қапшағай күн электр стансасын іске қосты

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Индустрияландыру күні барысындағы жалпыұлттық телекөпір аясында ҚР Президенті Н. Назарбаев Алматы облысындағы Қапшағай күн электр стансасын салтанатты жағдайда іске қосты

219 0

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Индустрияландыру күні барысындағы жалпыұлттық телекөпір аясында ҚР Президенті Н. Назарбаев Алматы облысындағы Қапшағай күн электр стансасын салтанатты жағдайда іске қосты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қапшағай күн электр стансасының қуаты 2 МВт құрайды. Бұл 600 үйді электр қуатымен қамтамасыз етуге жетеді. «Мен үлкен қуанышпен бұл жобаны іске қосамын. Бұл еліміздің «жасыл экономикаға» көшуіндегі алғашқы қарлығаштардың бірі. Бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында да маңызды. Күннен қуат алатын электр энергиясы ел игілігіне жұмыс істейтін болсын. Іске сәт!» деген Елбасы Н. Назарбаев Қапшағай күн электр стансасын Қазақстанның бірыңғай электр желісіне қосуға рұқсат берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!