Елбасы Н.Назарбаев Каспий теңізіне түсірілген жүк тасымалдайтын 2 кемеге Түркістан және Бекет ата аттарын берді

Фотография - Елбасы Н.Назарбаев Каспий теңізіне түсірілген жүк тасымалдайтын 2 кемеге Түркістан және Бекет ата аттарын берді

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Индустрияландыру күні» барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізіне түсірілген жүк тасымалдайтын 2 кемеге Түркістан және Бекет ата аттарын берді -

298 0

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Индустрияландыру күні» барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізіне түсірілген жүк тасымалдайтын 2 кемеге Түркістан және Бекет ата аттарын берді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Маңғыстаудан тікелей байланысқа шыққан Ақтау теңіз портындағы құрғақ жүк тасымалдау компаниясы өкілінің атап өтуінше, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында «Қазақстан темір жолы» компаниясы аталған компанияны құрып, Қазақстанның туы астында жұмыс істейтін, әрқайсысының сыйымдылығы 5 мың тоннаны құрайтын 2 кеме сатып алған. «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізден Ақтау портына келіп кеткен ұлттық флотымыздың бірінші құрғақ жүк тасымалдау кемесіне атау беруіңізді сұраймыз», - деді ол.

«Бұл - еліміздің өміріндегі өте маңызды оқиға. Алғаш рет темір жол, автомобиль жолдары арқылы Батыс Қытайды Қазақстан арқылы Каспий теңізімен Еуропаға жалғайтын мемлекетке айналып отырмыз. Сондықтан да құрғақ жүк тасымалдау мәселесі біз үшін маңызды болатын. Қазір біз суға қазақстандық кемелерді түсірдік. Мен барлық теңізшілерді және маңғыстаулықтарды осы зор оқиғамен құттықтаймын. Жалпы, ат беру қарапайым іс емес. Оның зор жауапкершілігі бар. Сондықтан да, егер қарсылық болмаса, кемелердің бірін мен Түркістан, ал екеншісін Бекет ата деп атар едім», - деді ҚР Президенті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!