Қазақстанда биыл 2 миллион гектар ауылшаруашылық жерлері игерілмеген

Фотография - Қазақстанда биыл 2 миллион гектар ауылшаруашылық жерлері игерілмеген

Игерілмеген ауылшаруашылық жерлерінің қожайындары ескертуден нәтиже шығармайтын болса ол мемлекет меншігіне қайтарылатын болады

231 0

Игерілмеген ауылшаруашылық жерлерінің қожайындары ескертуден нәтиже шығармайтын болса ол мемлекет меншігіне қайтарылатын болады. Бұл туралы ҚР өңірлік даму министрінің 1-орынбасары Қайырбек Өскенбаев бүгін Алматыда жер заңнамасын жетілдіру және Алматы қаласы мен қала маңы аймақтарының жерлерін пайдалану жөніндегі кеңейтілген жиналыста айтты.

«Қазақстан бойынша ауылшаруашылығында игерілмей келе жатқан 5 млн. гектар жер бар еді. Тексерулердің нәтижесінде ол 2012 жылы 3 миллионға, 2013 жылы 2 миллионға дейін қысқарды. Өйткені біз қожайындарға ескерту жасадық, егер одан кейін де жер игерілмейтін болса мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргіземіз», - дейді Қ.Өскенбаев. Оның айтуынша, пайдаланылмаған жерлерді игеру мәселесі бойынша қолданыстағы заңдарға енгізілетін өзгерістер жобасы қазір Парламент қарауына жіберілді. Мәселен онда ауыл шаруашылығына 49 жылға берілетін жерді енді 2 уақытқа бөліп беру жөнінде ұсыныс бар. Ол үшін алдымен жерді 5 жылға беріп, оны игеріп жатқанын дәлелдегеннен кейін ғана оны 49 жылға жекеменшікке беруге рұқсат беру жайы қарастырылып отыр. Сол сияқты банкке кепілдікке қойылған жерлердің мәселесі де назардан тыс қалмады. Егер олар өзі игермесе не басқарушы таппаса ол жерлерді де мемлекетке қайтару жайы қозғалып отыр.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!