Бүгін Қазақстанда барлық жерде желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде

Фотография - Бүгін Қазақстанда барлық жерде желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың ықпалында болып, ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді

128 0

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың ықпалында болып, ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде желдің екпіні 15-22 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді деп күтілуде.

Атырау облысында кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын болады, желдің күші - 15-20 м/с, түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!