Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауады, жел күшейеді, боран соғып, көктайғақ болады

150 0

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауады, жел күшейеді, боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК. 

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында 15-20 мс жылдамдықпен жел соғады, кейде оның екпіні 25 мс жетуі мүмкін. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғады, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз боран соғып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 мс жетеді. Атырау облысының кейбір жерінде тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанған. Күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысының кейбір жерлерінде боран соғады, тұман түседі, күндіз жел күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысында да тұман түседі, көктайғақ болады деп болжады синоптиктер. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!