А. Мамытбеков орынбасарының пара алу күдігіне ілінуін қателік деп санайды

Фотография - А. Мамытбеков орынбасарының пара алу күдігіне ілінуін қателік деп санайды

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков орынбасары Мүсілім Өміряевтің пара алу күдігіне ілінуін жаңсақтық не қателік санайтындығын жеткізді

242 0

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков орынбасары Мүсілім Өміряевтің пара алу күдігіне ілінуін жаңсақтық не қателік санайтындығын жеткізді.

«Әрине, бұл мен үшін тосын жайт болды. Мен оны демалыс күні ғаламтордан ветеринарлық дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алу байқауында көмек көрсету үшін пара алды деген күдікпен ұсталғанын білдім. Дегенмен, мен біріншіден Өміряевтің ешқашанда да ветеринария мәселесімен айналыспағандығын, ешқашан аталған мемлекеттік сатып алулар бойынша байқауды өткізген Ветеринария комитетіне жетекшілік жасамағандығын атап өткім келеді. Яғни, бұл оның қызметтік өкілеттігіне кірмейді. Екіншіден, мен Өміряевті байсалды, адал, ұстамды адам ретінде білемін. Сондықтан менің ойымша, бұл қандай да бір жаңсақтық немесе қателік», - деді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар министр орынбасарына қатысты мәселені тергеу амалдары анықтайтындығын баса айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!