Мұхтар Әблязовтың әйеліне қатысты бұлтартпау шарасы өзгертiлдi

Фотография - Мұхтар Әблязовтың әйеліне қатысты бұлтартпау шарасы өзгертiлдi

Бұл жөнiнде ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнде өткен брифингте ведомствоның ресми өклi Жанболат Үсенов мәлiмдедi, деп хабарлайды.

108 0

Қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертiлдi. Ендi ол кез келген шетелдiк мемлекетке сапар шеге алады. Бұл жөнiнде ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнде өткен брифингте ведомствоның ресми өклi Жанболат Үсенов мәлiмдедi, деп хабарлайды.

«ҚР құқық қорғау органдары Алма Шалабаеваға қатысты бұлтартпау шарасын Алматы қаласынан тыс ешқайда шықпау туралы қолхаттан қаржылық кепiлдiкке өзгерту туралы шешiм қабылдады. Бұл шешiм Алма Шалабаеваның жеке өтiнiшi, сондай-ақ италиялық үкiмет үндеулерiнiң негiзiнде қабылданды. Италия Қазақстанның маңызды серiктесi болып табылады. Осы орайда, бiз аталған мәселеге қатысты осы елдiң сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып, констурктивтi жұмыс атқардық», - дедi Ж.Үсенов.

Сыртқы ведомствоның ресми өкiлi атап өткендей, Қазақстанның құқық қорғау органдары Алма Шалабаеваға және оның қызына жаңа төлқұжаттарды алуға көмектестi.

«Алма Шалабаева ағымдағы жылдың шiлде айынан бастап Алматы қаласындағы ата- анасының үйінде тұрып келдi. Қазақстанның құқық қорғау органдары Алма Шалабаеваға және оның қызына жаңа төлқұжаттарды алуға қолғабыс көрсеттi. Осыған байланысты олар шетелдiк виза алу мүмкiндiгiне ие болып отыр. Бүгiннен бастап ол өзiнiң қалауы бойынша кез-келген шетелдiк мемлекетке шыға алады», - дедi ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!