Кеден одағы елдерінің басшылары кездеседі

Фотография - Кеден одағы елдерінің басшылары кездеседі

Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, президенттер 2015 жылдан бастап Еуразия экономикалық одағын құруға бағытталған келісім жобасының бір бөлігін мақұлдамақ

288 0

Бүгін Мәскеуде Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Владимир Путин, Нұрсұлтан Назарбаев және Александр Лукашенко Кеден одағының экономикалық кеңістігін үйлестіруші мемлекеттен жоғары тұратын орган - Еуразия жоғарғы экономикалық кеңесінің жиынына қатысады.

Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, президенттер 2015 жылдан бастап Еуразия экономикалық одағын құруға бағытталған келісім жобасының бір бөлігін мақұлдамақ. Бұған қоса жиында үш президент Армения мен Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы туралы жол картасын қарастырады.

Ушаковтың сөзіне қарағанда, президенттер келісім жобасына 2014 жылдың мамырына қарай қол қоюды жоспарлап отыр. Алдымен Путин, Назарбаев және Лукашенко үшеуі кездесіп, кейін Армения мен Қырғызстан президенттерімен және Украина премьер-министрімен бірге бөлек кездесу өткізбек.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!