Н.Назарбаев Ресеймен 2013 жылғы екіжақты ынтымақтастық қорытындыларына оң баға берді

Фотография - Н.Назарбаев Ресеймен 2013 жылғы екіжақты ынтымақтастық қорытындыларына оң баға берді

Бұл туралы Мемлекет басшысы ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесуінде мәлім етті.

159 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің арасындағы 2013 жылғы екіжақты ынтымақтастық нәтижелерін оң бағалады. Бұл туралы Мемлекет басшысы ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесуінде мәлім етті.

Н.Назарбаев 2013 жылғы екіжақты өзара іс-қимылға оң баға берді. «ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа қол қойдық, - деді Н.Назарбаев. - Бүгін біз Байқоңыр бойынша бірлесіп атқаратын жұмыстардың жол картасына, Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоямыз. Бұл украиндық әріптестерді де тартуға мүмкіндік береді».

Президент, сондай-ақ, мемлекетаралық байланыстар барысында Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі шешілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы ресейлік тарапқа екіжақты ынтымақтастықта пайда болған мәселелерді ойдағыдай шешуге белсене қатысқаны үшін алғыс айтты.

В.Путин бүгінгі кездесуге қол қоюға бірқатар құжаттар әзірленгенін атап көрсетті. «Біздің соңғы кездесуімізден кейінгі уақыт ішінде аса шетін салаларда, соның ішінде энергетика және Байқоңыр бойынша біздің ынтымақтастығымызды тереңдету және кеңейту мәселелері бойынша нақты мәселелерде үлкен жұмыс атқарылды», - деді РФ басшысы.

Еске сала кетейік, Н.Назарбаев Мәскеуге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін келді. Отырыста ықпалдастық құрылымдары - Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті қырлары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысты мәселелер ауқымы талқыланады.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!