Назарбаев Еуразия Одағын саясиландыруға қарсы

Фотография - Назарбаев Еуразия Одағын саясиландыруға қарсы

Бұл туралы айтқанбыз, қайталай бергім келмейді, құратын одағымызды саясиландыра алмаймыз

208 0

Мәскеуде Еуразия жоғарғы экономикалық кеңесі аясында өтіп жатқан келіссөздер кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық комиссиясының міндетіне экономикалық интеграциядан тыс жайттарды талқылау кірмейтіні туралы айтты.

"Бұл туралы айтқанбыз, қайталай бергім келмейді, құратын одағымызды саясиландыра алмаймыз. Шекара қорғау, көші-қон саясаты, қорғаныс пен қауіпсіздік жүйесі, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек беру экономикалық интеграцияға жатпайды" деп мәлімдеді президент Назарбаев.

24 желтоқсан күні Кеден Одағына мүше елдердің экономикалық қарым-қатынасын үйлестіруші кеңеске қатысып жатқан Ресей, Қазақстан мен Беларусь президенттері 2015 жылдан бастап Еуразия экономикалық одағын құруға бағытталған келісім-шарттардың бір бөлігін мақұлдады.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!