Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады.

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

279 0

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с. жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қарағанды облысында жел тұрып, боран соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл облысында 15-20 м/с. жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда,Маңғыстау облыстарында күндіз жел күшейіп, боран соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі. Ақтөбе облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел борады, боран соғады. Қостанай облысында да боран соғып, көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі, 15-20 м/с. жылдамдықпен жел соғады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!