ТМД әуе кемелерін басып алу секілді әрекеттерге қарсы бірлесе күреседі

Фотография - ТМД әуе кемелерін басып алу секілді әрекеттерге қарсы бірлесе күреседі

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ТМД қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады

136 0

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ТМД қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаровтың айтуынша, келісім 2011 жылдың үшінші қыркүйегінде жасалған. Құжаттың мақсаты ТМД қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе кемесін басып алу мен әкету барысында қарсы қолданылатын шаралар келісімін айқындау болып табылады. Сонымен қатар, келісім аясында әуе кеңістігінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, терроризмге қарсы тұру шараларын қолдану қарастырылады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Өз сөзінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Тасболатов тараптардың ынтымақтастығы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын кезекшілердің іс-қимылдарының тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылатындығын түсіндірді.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі күштерінің іс-қимылдары бойынша бірлескен жаттығуларын жыл сайын әзірлейді және өткізеді.

 


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!