Мәжіліс осы сессияда 175 заң жобасын мақұлдады - спикер Н. Нығматулин

Фотография - Мәжіліс осы сессияда 175 заң жобасын мақұлдады - спикер Н. Нығматулин

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі 2013 жылдағы соңғы отырысын өткізді

110 0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі 2013 жылдағы соңғы отырысын өткізді. Биылғы жұмысты қорытындылаған палата спикері Нұрлан Нығматулин депутаттардың былтырғы сессиядан бері 175 заң жобасын мақұлдағанын атап өтті.

Спикердің айтуынша, үшінші сессияның басында Парламент палаталарының екі бірлескен отырысы, Мәжілістің 17 отырысы өткен. Мәжіліс Төрағасы алдағы 2014 - жылы да Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз етуге баса назар аударылатындығын атап өтті - деп хабарлады 

«Жалпы айтатын болсақ, осы шақырылым жұмысын бастаған 2012 -  жылдың қаңтар айынан бері, Мәжіліс депутаттары 175 заң жобасын мақұлдады, оның 153-не Президенттің қолы қойылып, өз күшіне енді. Халық қалаулыларының әсіресе, заңнамалық бастамалар бойынша айрықша белсенділігінің арқасында осы жылы депутаттардың өздері әзірлеген құжаттар саны арта түсті. Мәселен мәжілісмендер, 21 заң жобасына бастамашы болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық көрсеткіш», - деді Төраға.

Нұрлан Нығматулин әріптестерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысты ауқымды заңдық жұмыстарды қолға алу міндеті тұрғанын тілге тиек етті.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!