М.Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті

Фотография - М.Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті

208 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Комиссияның 2013 жылғы жұмысының жалпы қорытындыларына тоқталып, оның «Қазақстан 2050» стратегиясында белгіленген міндеттерді табысты іске асыруға қажетті мамандарды іріктеу мен даярлауға бағытталғанын атап өтті - деп хабарлады  baq.kz

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын алдын-ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге беру жөніндегі мәселені қарады.

Отырыста Комиссия 2014 жылы басшылыққа алатын Басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді, сондай-ақ келесі жылы бөлінетін стипендиялардың жалпы саны 1100 болып белгіленді. 2014 жылғы басым мамандықтар тізбесі академиялық білім беруге арналған 99 мамандықты қамтиды. Оның ішінде 35 медициналық, 35 техникалық, 29 гуманитарлық мамандықтар. Бұған қоса Тізбеге ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина мамандарының тағылымдамадан өтуіне арналған 178 мамандық енеді.

Сонымен бірге, стипендиядан айыру және Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты мәселелер талқыланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!