Сенат Қазақстанның жоғарғы соты судьялары лауазымына бес үміткерді мақұлдады

Фотография - Сенат Қазақстанның жоғарғы соты судьялары лауазымына бес үміткерді мақұлдады

 ҚР Парламенті Сенаты (жоғарғы палата) Қазақстанның жоғарғы соты судьялары лауазымына мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Маргарита Одинцова, Амангелді Сәрсенбаев, Елена Ақмолдаева, Лаура Ағыбаева, Ирина Калашникованың кандидатураларына келісім берді

194 0

 ҚР Парламенті Сенаты (жоғарғы палата) Қазақстанның жоғарғы соты судьялары лауазымына мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Маргарита Одинцова, Амангелді Сәрсенбаев, Елена Ақмолдаева, Лаура Ағыбаева, Ирина Калашникованың кандидатураларына келісім берді.


«Ұсынылған кандидаттарды білікті және тәжірибелі мамандар деп атауға болады.Ұсынылған тұлғалар 10-нан 27 жылға дейін сот тәжірибесі бар, біліктілігі жоғары деңгейлі қызметтегі судьялар болып табылады», - деді Қазақстанның жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Бектас Бекназаров палатаның жалпы отырысында - деп хабарлады  newskaz.kz

Сонымен қатар, депутаттар судья лауазымында 33 жыл қызмет атқарған Анатолий Линник пен судьялық өтілі 17 жыл Раушан Нұртайдың зейнет жасына байланысты жұмыстан босату туралы өтінішін құптады. Бұдан бөлек, Гүлнәр Рысбековаға судья қызметінен отставкаға кету туралы құқығы ұсынылып, бұл ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!