2013 жылы 6236 адам төтенше жағдайдан құтқарылды

Фотография - 2013 жылы 6236 адам төтенше жағдайдан құтқарылды

2013 жыл Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары үшін қиынға соқты. 2013 жылдың өткен кезеңінде ел аумағында әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болды

397 0

2013 жыл Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары үшін қиынға соқты. 2013 жылдың өткен кезеңінде ел аумағында әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болды. Біз жыл бойы тәулігіне азаматтарға көмек көрсету үшін 150-240 рет шыққан. Бұл туралы ТЖМ министрі Владимир Божко 2013 жылы министрлікте атқарылған жұмыстарды қорытындылау кезінде мәлім етті.

«Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында орын алған ылди мен жаңбырлы су басулары, Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында орын алған күшті дауылды желдің салдарын жою, «Көкшетау – Алматы» рейсі ұшағының құлауы, Скай Эйрлаинс түрік авиакомпаниясының банкротқа ұшырауы салдарынан Анталияда қалып қойған қазақстандық азаматтарды жеткізу қар борасынына байланысты белгілі оқиғалар ТЖМ бөлімшелерінің, барлық деңгейдегі билік органдарының, бизнес өкілдерінің, азаматтық қоғамның күшті жұмыс жасауын талап етті», - дейді В.Божко.

Оның айтуынша, 2013 жылы 11 ай ішінде ТЖМ күштері апаттық-құтқару жұмыстарына 51410 рет шыққан, 6236 адамды құтқарды, төтенше жағдай аймағынан 6277 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 3346 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алдын алу профилактикалық іс-шараларды сапалы өткізудің арқасында 2012 жылмен салыстырғанда ТЖ саны 16,7%-ға, оның негативті салдарынан қаза болғандардың саны 10,8%-ға, зардап шеккендер саны 11,1%-ға азайған - деп хабарлады  baq.kz

Көбінесе, өз қызметтік міндеттерін орындай отырып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар нағыз батырлық танытады. Олардың еңбектері елеусіз қалмайды. Биылғы жылы Министрліктің 26 қызметкеріне мемлекеттік награда – медальдар мен ордендер табыс етілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!