Б. Жәмішев хатшы қызды соққыға жыққан шенеунікті қатаң жазалауды тапсырды

Фотография - Б. Жәмішев хатшы қызды соққыға жыққан шенеунікті қатаң жазалауды тапсырды

ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев хатшы қызды соққыға жыққан шенеунікті қатаң жазалауды тапсырды.

142 0

ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев хатшы қызды соққыға жыққан шенеунікті қатаң жазалауды тапсырды.

«Мен аталмыш оқиғаға орай барлық тиісті шараларды қолдануды тапсырдым. Оған қатысты әкімшілік немесе қылмыстық қудалау жүргізілсе де,  тіпті өз кінәсін мойындаса да, менің айтарым, ең қатаң шара қолданылсын. Ол тіпті жұмыстан қуылуы тиіс», - деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде әріптесімен толық келісетінін жеткізді. «Ондай мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан кетуі тиіс. Өз қоластындағы қызметкерлерді айқай-шумен жұмыс істеткізе алмайсың. Ондай мемлекеттік қызметшілер, жетекшілер шаршы алаңда жұмыс істеуі керек», - деді ол.

Еске сала кетейік, Ақмола облысы бойынша аймақтық жер инспекциясының басшысы  Қайрат Бақберген хатшысын  ұрды деп айыпталуда. Көкшетау қаласының тұрғыны, яғни оның хатшысы Әгерім Ізахметова соған байланысты полицияға арыз берді. Оқиға 18 желтоқсанда орын алған. Оның сөзіне қарағанда, басшы жұмысқа спирттік ішімдікке тойып келіп, оны соққыға жыққан.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!