Қ.Тоқаев сенаторларға 2014 жылы атқарылуы тиіс міндеттерді жүктеді

Фотография - Қ.Тоқаев сенаторларға 2014 жылы атқарылуы тиіс міндеттерді жүктеді

Бүгін ҚР парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында жоғарғы палата төрағасы Қ.Тоқаев ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтіп, депутаттарды келесі жылға арналған міндеттермен таныстырды.

210 0

Бүгін ҚР парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында жоғарғы палата төрағасы Қ.Тоқаев ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтіп, депутаттарды келесі жылға арналған міндеттермен таныстырды.

«Бүгін біз палатаның осы жылғы жұмысын аяқтадық. Жоспарланған барлық шаралар толығымен атқарылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенат төрағасы Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін арналған Стратегияда айқындаған міндеттерді атқарудың алғашқы жылы Сенат депутаттары халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған 90-нан астам заңды қабылдағанын атап өтті. Олардың қатарында үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналған, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін, әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіруді көздейдін заңдар бар.

Сонымен қатар, бірқатар халықаралық келісімдер ратификацияланып, ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізуді қарастыратын арнайы заңдар қабылданған.

Сенат спикері ағымдағы жылы Қазақстанның жетістіктерге жетуіндегі парламент депутаттарының қосқан үлесін ерекше атап өтіп, келесі жылы халық қалаулылары алдында үлкен міндеттердің тұрғанын ескертті.

«Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Индустриаландыру картасының таныстыру барысында шағын және орта бизнестің дамуын стратегиялық маңызды мәселе екендігін атап өтті. Бұған қоса жекеменшік институтының даму деңгейі төмен екендігін және бұл саладағы құқықтық негізді жетілдіру қажеттігін ескерткен болатын. Президент бизнестің дамуына тосқауыл болып отырған заңдарды қайта қарау қажеттігіне назар аударды», - деді Қ.Тоқаев.

Спикер Мемлекет басшысы қойған міндеттердің сенаторларға қатысты екендігін тілге тиек ете отыра, Елбасының тапсырмаларын депутаттардың қалтқысыз орындайтынына өз сенімін білдірді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!